Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейтін ұлы іс. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелеу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін ұлы қасиеттер. Тәрбиеленіп отырған білім алушыларды білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың бірі Шойбеков Бектурсун сан жылдар бойғы еңбегінің нәтижесін көрсете білді. Басшылық жасау – ауыр жүк арқалағанмен бірдей. Қиындық пен қайшылықтарға толы күндерді ақылмен жеңіп, іс барысында сүйіспеншілікке толы шақтарды мейірім шуағына бөлеп, ұжымда өзіндік болмысымен көзге түсіп, ел ішінде абыройы мен беделін артқан жан екендігі баршаға аян.
«Бала – балқытқан қорғасын, оны қандай қалыпқа да құюға болады» деген қағиданы үлгі етіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың биік шыңдарды өз еріктеріне бағындырып, қияға қанат сермеуіне дұрыс жол сілтеген ұстаз ретінде орны ерекше.
Шойбеков Бектурсун Смаилович 1973 жылдың 22 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданы, Қызылқұм ауыл әкімшілігіне қарасты, «Еңбекші» ауылында дүниеге келген.
1990 жылы С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебін аяқтап, Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық университетіне түсіп, 1994 жылы география-экология мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1996 жылы өзі туып өскен елдегі С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебіне география пәні мұғалімі болып қызметке орналасты. Еңбек жолында шәкірттерге білгенін үйретіп, оларды баулуда жан-жақты қырынан танылды. Республикалық «Өнеге» интеллектуалды білім порталынан үздіксіз ізденісі мен тынымсыз тірлігінің жемісті еңбегі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Білімін арттыру және тәжірибесін одан әрі шыңдау мақсатында 2003 жылы Тараз иниститутын сырттай оқып, «Педагогика және психология» мамандығын 2005 жылы алды.
Мақтарал ауданының білім бөлімінің 2008 жылдың 04 қараша күнгі №11-01 бұйрығымен «Мақталы - 5» орта мектебінің директоры болып тағайындалды. Аталған мектепте 7 жыл мектеп директоры қызметін атқарды. Өз міндетін талапқа сай атқара отырып, аудандық, облыстық, республикалық марапаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 232 бабы және 33 бабының 1-тармағына сәйкес 2015 жылы 6 қарашасында Жетісай ауданы, Ынтымақ елді мекені, «Талапты» ауылында орналасқан С.Асанов атындағы №38 жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мектеп директоры болып ауыстырылды.
2015 жылдан -2023 жылдың 16 ақпанынан дейін №38«Асанов»жалпы орта мектебінде директорлық қызметін атқарды. Қазіргі таңда №39"Асықата" жалпы орта мектебіне 2023жылдың 16 ақпанында директор қызметіне тағайындалды.
Өзінің іскерлігі мен ізденімпаздық қасиеттермен көзге түсіп, түрлі игі бастамаларды қолға алып, алғысқа бөленген азамат.
Шойбеков Бектурсунның бастамасымен мектептің алдына 2017 жылы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап монумент орнатылды. Іскерлік қабілетін одан әрі қарай дамыта отырып, 2018 жылы лирик ақын Сабырхан Асановқа арнап ескерткіш орнатуды қолға алып, ескерткіштің заманауи үлгіде, арнайы мамандармен бірлесе отырып, өзіндік дизайндік стильде жасалуына өз үлесін қосты.
2019 жылы мектеп жанынан «Жастар аллеясы» шағын гүлзар саябағының салынуына да атсалысып, еңбекқорлығымен ауыл тұрғындарының қошеметіне ие болды.
Шойбеков Бектурсун әрдайым жаңашылдық бағытта ілгерілеуд ұстанатын талапшыл басшы. Мақсатына жетуде аянбай еңбек етіп, тер төгуді азаматтық борышы санайтын тұлғалардың бірі. Табысты еңбектің нәтижесі өзіндік жемісін берді деп санаймыз. Оған дәлел алған марапаттары алғыс пен ізгі ілтипаттың кепілі іспетті.
Аудандық іс-шараларға белсенді қызметтері үшін аудандық білім бөлімінен алғыс хаттарымен марапатталды. Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен, «Ауғанстан ардагерлері» Республикалық Қоғамдық бірлестігінің шешімімен Кеңес Одағының батыры Генерал Сабыр Рақымов медалімен марапатталғаны ел тарихында болып жатқан елеулі оқиғаларға іскер азаматтың белсене араласуы оның алға қойған мақсаттарға жетуге деген талпынысының мықты екендігін байқатады. Іс-шаралардың заман талабына сай өтілуіне аянбай тер төгіп, өз үлесін қосқандығы мақтан етерлік жайт.
Шәкірт білімін шыңдауда да бірқатар жұмыстар атқарғандығы ел есінде естен кетпес естеліктерімен сақт алары хақ. Ел Тәуелсіздгіне 25 жыл толуына орай, еңбек жолындағы үздік қызметін ескере отырып, «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «Ұстаз жолы» қоғамдық қорынан мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін сертификат беріліп, Ұстаз жолы қоғамдық қорынан
«Дара тұлға» белгішесіне ие болды.
Қазіргі таңда 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған ардақты әке, жанашыр жан, елдің адал перзенті, отбасының қамқоршы тірегі болып отырған жайы бар. Іске келсе іскер болар азамат, алдағы күндерге шығармашылық жоспарлар құрып, белестерді бағындыруға әлі де бейім екенін аңғартады.