Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің № 10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Койтанова Гулия Абдикадыровнаның
ӨМІРБАЯНЫ
Койтанова Гулия Абдикадыровна 1971 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кенті, Үшкөпір ауылында дүниеге келген.
1988 жылы А. С. Макаренко атындағы Сумский мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп, аталған оқу орнын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 1993 жылы берілген. Педагогикалық еңбек өтілі 28 жыл, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі лауазымы бойынша «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты бар.
2000 жылдың 13 қыркүйегінен бастап № 10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары, 2006 жылдың 17 маусымынан бастап Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің №10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалған.
Койтанова Гулия өз міндетін орындау барысында педагогикалық шеберлігі мен тиянақтылығы, жоғары талап қоя білуімен ерекшеленеді. Басқару ісінде ұжыммен ортақ тіл табысып кәсіби іскерлік қарым-қатынас орната алады. Мұғалімдер мен оқушылары арасындағы педагогикалық-психологиялық ахуалы, ұжым мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынастары жақсы, оларға үнемі қолдау танытып, көмек көрсетуі жоғары деңгейде. Білім сапасын арттыру мақсатында стратегиялық жоспарлау жүйесін, жоспарлы өсу динамикасын жылдар бойы талдап отырады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, мектепте білім беруді және ғылымды дамыту бойынша жүйелі іс-шаралар кешенінің іске асырылуын басты назарды ұстайды. Педагогтарды білімділігі арқылы сапалы етіп тұрақтандырған. Ұжым арасында мәдениетті сақтай біледі, кез келген сәтте заң шеңберінде әділ шешім шығара алады, педагогтарды кәсіби шығармашылыққа баулуда, қазіргі заманға сай шыңдалуына қолдау көрсетеді 2018-2020 жылдар бойы аудандағы білім саласындағы рейтингтік көрсеткіш бойынша алдыңғы үштікке кіреді. Қоғамдық жұмыстарға етене араласып кетеді. Әлеуметтік жағдайлары төмен отбасылардан шыққан жандарға жылда демеушілер тарапынан берілетін әлеуметтік көмектерді өз дәрежесінде ұйымдастырады. Өз бастамашылығымен мектептің дамуына үнемі үлесін қоса отырып, жұмыс жүргізеді.
2015 жылы Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында мониторингіні ұйымдастыратын, 2016 жылы Шымкент қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында мониторингіні ұйымдастыратын біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша, 2016 жылы 28 қазанда Шымкент қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде жалпы білім беру бағдарламасы бойынша, 2018 жыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы әзірлеген Қазақстан Республикасында жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша, 2019 жылы Қазақстан Республикасы оңтүстік аймақтық жетекші мектептерінің «Janary jarshysy-2019» І Форумына қатысып серфикатталды, 2021 жылы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру мекемелерінің кәсіби педагогикалық біліктіліктерін арттыруда мектепті басқарудағы инновациялық менеджмент курсын аяқтап, өзіне жүктелген жұмыстарды, оқушылардың сауаттылық және құзыреттілік деңгейін бағалауды жақсарту жұмыстарын, ата-аналар, педагогтер, білім алушыларға білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты оң қабылдауы мен түсінуін қалыптастыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.
Г. Койтанова 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының Алғыс хатымен, 2018 жылы Ziat ғылыми-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы мерекесіне орай ҚазИТУ-дің Алғыс хатымен, 2018 жылы Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңіне белсенді оқушы дайындағаны үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен, 2019 жылы Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатымен, 2019 жылы Түркістан облысы Азия чемпионатын дайындағаны үшін Алғыс хатымен, 2019 жылы NurOtan партиясы Түркістан облысының филалының Алғыс хатымен, 2019 жылы BILGEN Алғыс хат, 2019 жылы Әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Алғыс хатымен, 2019 жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында табысты еңбегі үшін Алғыс хатымен, 2020 жылы ҚҰАJ Алғыс хатымен, 2020 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Алғыс хатымен, 2020 жылы Қазақ Ұлттық университетінің Алғыс хатымен, 2020 жылы Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңіне белсенді оқушы дайындағаны үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен, 2020 жылы Елбасы, «NurOtan» партиясының Төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда жалпыұлттық деңгейде тұңғыш рет өткен партияның сайлауалды іріктеуіне белсенді атсалысқаны үшін «NurOtan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ө. Шөкеевтің Алғыс хатымен, 2021 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: мектеп мұғалімдерінің заманауи білім әлеуеті мен жетістіктері» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатымен, 2021 жылы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған.